Сөмкесін бірнеше минутқа қараусыз қалдырған азамат 2 млн теңгесінен айырылып қалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қарағандыдағы бизнес-орталықтардың бірінде Астанадан келген 46 жастағы азамат сөмкесін бірнеше минутқа қараусыз қалдырып, 2 млн теңгесін ұрлатып алды, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ІІМ ақпараттық медиапорталының жазуынша, ақшаның жоғалғанын ер адам қызмет ақысын төлейтін кезде білген. Жәбірленуші дереу полицияға хабарласқан.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Қарағанды қалалық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, ұстаған.
Ол 37 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Күдікті ұрлық жасағанын мойындаған.
Алайда қолды болған ақшаны қайтару мүмкін болмаған. Ол 2 миллион теңгенің барлығын жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2452026-somkesin-birneshe-minutqa-qarausyz-qaldyrgan-azamat-2-mln-tenggesinen-aiyrylyp-qaldy/