jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Павлодарда екі оқушы қызды зорлау дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр

    Мектеп оқушысы
    Мектеп оқушысы. Иллюстрациялық фото: martin-dm/Getty Images

    Павлодарда қала мектептерінің бірінде оқитын екі оқушы қызды зорлау дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға туралы хабар полицияға білім беру мекемесінен түскен.

    Полиция екі қылмыстық іс қозғаған.

    "Күдіктілер анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, оларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп мәлімдеді Павлодар облыстық ПД.

    Тергеу аясында қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram