Астанада көлігіне арнайы сигнал беру құрылғысын орнатып алған жігіт полицейлердің назарына ілікті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада арнайы сигнал беру құрылғысы заңсыз орнатылған автокөлік анықталды. Жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды елордалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Астанада полицейлер арнайы жарық және дыбыс сигналдарын беру құрылғысы рұқсатсыз орнатылған Changan UNI-V автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде 19 жастағы жігіт болған.
"Көлікті тексеру кезінде оған арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғының тиісті рұқсатсыз орнатылғаны, сондай-ақ көлік құралын пайдалану қағидаларының бұзылғаны белгілі болды.
Аталған дерек бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды", - делінген хабарламада.
Полиция арнайы сигнал беру құрылғыларын тиісті рұқсатсыз орнатуға және пайдалануға заңмен тыйым салынғанын ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада көзделген жауапкершілік қарастырылған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2452086-astanada-koligine-arnaiy-signal-beru-qurylgysyn-ornatyp-algan-zhigit-politseilerding-nazaryna-ilikti/