jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада ірі мөлшердегі алаяқтыққа қатысты іс бойынша сот шешім шығарды

    Үкім
    Сот үкімі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Астанада ірі мөлшердегі алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шықты. Айыпталушы парашют жабдықтарын жеткізу үшін 646 млн теңге көлеміндегі аванс алып, міндеттемелерді орындамаған, деп хабарлайды Астана соттарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Вндомство дерегінше, 2026 жылғы 4 қарашада Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін А.-ға қатысты айыптау үкімін шығарған (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы).

    Сот А. әскери-техникалық мүлікті жеткізу саласында тәжірибесі бола тұра және "К" ЖШС-нің басшысы ретінде "Қазспецэкспорт" РМК-мен 874 млн теңге сомасына парашют жабдықтарын жеткізу туралы шарт жасасқанын анықтады.

    Алайда А. шарттық міндеттемелерді орындауды әуел бастан көздемеген және өнімді жеткізуге нақты мүмкіндігі болмаған", - делінген хабарламада.

    Сонымен бірге "Қазспецэкспорт" РМК мен сақтандыру компаниясы өкілдерін алдау арқылы А. 646 млн теңге мөлшерінде аванс алғаны анықталған. Алайда айыпталушы жабдықты белгіленген мерзімде жеткізбей, бюджет қаражатын өз қалауы бойынша жұмсаған.

    "Салдарынан мемлекетке 646 млн теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген. Сонымен қатар сақтандыру шарты аясында аталған соманы "Қазспецэкспорт" РМК-ға төлеген сақтандыру компаниясына да залал келтірілген.

    Сот талқылауының қорытындысы бойынша А. аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы).

    Сотталушының кінәсі жәбірленушілер өкілдері мен куәлардың айғақтарымен, аудиторлық қорытындымен және тауар сараптамасының қорытындысымен дәлелденді", - деп жазады ведомство.

    Осылайша айыпталушыға сот А.-ға 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын, сондай-ақ 6 жыл мерзімге қосымша жаза тағайындады.

    Азаматтық талаптар қойылған жоқ, өйткені залал сомасы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сот шешімі негізінде өндірілген.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram