jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Көпбалалы ана болған": Неке сарайында қаза тапқан әйелдің екі баласы мемлекет қамқорлығына алынды

    Жатын бөлмедегі төсек. Көрнекі сурет
    Жатын бөлмедегі төсек. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ақтөбеде неке сарайында кісі қолынан қаза тапқан 26 жастағы келіншектің екі баласы балалар үйіне орналастырылды. Анасы қайтыс болған, ал әкесі кісі өлтірді деген күдікпен тергеуге алынған. Марқұм мен күдікті заңды некеде болмаған. Одан бөлек марқұм әйелдің тағы екі баласы бары белгілі болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Кеше ғана анасының жанында жүрген қос бүлдіршін бүгін мемлекеттік мекеменің қамқорлығына өтті. Ақтөбеде бұрынғы жұбайының қолынан қаза тапқан 26 жастағы әйелдің балалары "Үміт" балалар үйіне орналастырылған.

    Марқұм мен күдікті азаматтық некеде тұрған. Екі баланың әкесі қазір тергеу изоляторында. Ал аналарының өмірі қайғылы жағдайда үзілді. Неке сарайында оны бұрынғы күйеуі пышақтап тастаған. Неке сарайындағылар қанды қылмысқа барған күдікті пышақ сұққан соң, сол жерде тәртіп сақшыларын күтіп тұрған.

    Қазір қос бүлдіршін ата-анасының қамқорлығынсыз қалды. Балалардың жағдайы тиісті мамандардың бақылауында. Олардың алдағы уақытта кімнің қамқорлығына берілетіні заң аясында шешіледі.

    "Отбасылық жағдайларға байланысты екі кәмілетке толмаған бала "Үміт" балалар үйіне орналастырылды. Аталған жағдай балалар құқығын қорғау жөніндегі басқармасының және құқық қорғау органдарының бақылауында.

    Балаларға қатысты қабылданатын шешімдер заңмен белгіленген тәртіпте және кәмелетке толмағандардың заңды мүддесін ескере отырып қабылданады", - дейді Ақтөбе облыстық балалардың құқығын қорғау басқармасының басшысы Амангелді Қонақбаев.

    Дереккөз: КТК телеарнасы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram