Шымкентте 1,4 млрд теңгеге абаттандырылған гүлзардың тас-талқаны шыққан (видео)
Жарияланған күні:

Шымкентте вандалдар қаланың ортасында ағып жатқан Қошқар ата өзенінің бойындағы тұрған жәшіктерді қиратып, шамдарға дейін шағып кеткен. Тұрғындар бақылауды күшейтпесе, вандалдардан қорқатынын айтады, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты.
Телеарна мәліметінше, бүлдірушілер бір түннің ішінде өзен бойына қойылған қоқыс жәшіктерін түбімен бірге жұлып алып суға тастаған. Контейнерлерді де құлатып, қоқысын шашып кеткен. Әйтпесе Қошқар ата өзенінің бойын былтыр ғана бюджет есебінен 1 млрд 400 млн теңгеге абаттандырған.
"Бұл жерге үлкен камера қойып, айыппұл белгілеу керек. Сол кезде адамдар қоқыс тастамайды. Табиғатымызды аялауымыз керек. Бұл жерде екі күнде бір күзетші жүрсе, сондай тапсырма берсе дұрыс болар еді", - дейді қала тұрғыны Меруерт Асанқызы.
Полицейлер әзірге вандализм бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Ал вандалдардың бүлдіріп кеткенін жинаған жауапты басқарма түнгі уақытта жабайылықтың жиі болатынын айтады.
"Өзен арнасында басқармамен келісім шарт бойынша күнделікті тұрақты түрде Adilkhan West Group ЖШС тазалық жұмыстарын жүргізеді. Ал сыртқы тазалыққа Тұран ауданынның коммуналдық мемлекеттік мекемесі жауапты. Қазір өзен арнасында түнде ұсақ құқықбұзушылық жиі болып жатыр, соның алдын алу үшін аудан әкімдіктері мен құқық қорғау мекемелермен жұмыс жүргізілуде", - дейді Шымкент қаласы әкімдігінің жайлы ортаны басқару басқармасы өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2452377-shymkentte-1-4-mlrd-tenggege-abattandyrylgan-gulzardyng-tas-talqany-shyqqan-video/