jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қостанайда үйдің ауласынан 86 жастағы зейнеткердің денесі табылды: жасөспірім ұсталды

    Күдікті
    Күдікті. Видеодан кадр: Қостанай облыстық ПД

    Қостанайда полицейлер 86 жастағы зейнеткерді өліміне қатысты күдіктіні ұстады, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанайда үйлердің бірінің ауласынан зорлықпен өлтіру белгілері бар 86 жастағы ер адамның денесі табылған.

    Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол 17 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

    Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

    Тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қостанайда серуендеп жүрген 86 жастағы зейнеткердің кісі қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат тараған еді. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтау және оны ұстау үшін кешенді шараларды бастаған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram