jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкентте бірден 9 BMW айыптұраққа қойылды (видео)

    көліктер
    Көліктер. Видеодан кадр: instagram.com/police_shymkent

    Шымкентте жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін бірден 9 BMW автокөлігі айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланғандай, Шымкент ПД Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы қағидаларын бұзған BMW маркалы автокөліктер анықталған.

    Барлық автокөлік жүргізушілеріне қатысты жол жүрісі қағидаларын бұзу, апаттық жағдай туғызу дерегі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, 9 автокөлік арнайы айыптұрағына қойылған.

    Полиция жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, жолда қауіпсіздік талаптарын орындауға және өзге де қозғалыс қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram