jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматы облысындағы атыс пен қуғын: видеоға қатысты полиция не дейді

    Көлік
    Көлік. Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_almata

    Алматы облысында полицейлерден қашпақ болған жүргізушінің көлігіне оқ атқан және қуған сәт видеоға түсіп қалды. Оқиғаға қатысты өңірлік ПД түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Желіде тараған кадрлардан полицейлер жолын бөгемек болған автокөлікті көруге болады. Алайда жүргізуші тоқтамаған соң, тәртіп сақшылары көліктің дөңгелектеріне оқ атады. Соған қарамастан, көлік оқиға орнынан қашып кеткен. Артынша полицейлер оны қызметтік көлікпен қуа жөнелген.

    Алматы облыстық ПД NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, оқиға Іле ауданының Жайнақ ауылында болған.

    "Көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған жасөспірім полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талаптарына бағынбай, жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігіне қатер төндіріп, қозғалысын жалғастырған.

    Көлікті мәжбүрлі түрде тоқтату үшін полицейлер табельдік атыс қаруын қолданып, көліктің дөңгелегіне оқ атты, содан кейін көлік тоқтатылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

    Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    Жасөспірімнің әкесі бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram