Астанада ер адам зейнеткерге шабуыл жасады: оқиғаның видеосы тарады
Жарияланған күні:

Желіде ер адам подъезден шығып, зейнеткерге шабуыл жасап, ұрған сәті видеоға түсіп қалған. Аталған оқиғаға қатысты Астана қалалық ПД пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Instagram-дағы Astanovka98 паблигінде белгісіз ер адам орындықта отырған зейнеткерге келіп, ұра бастағанын көруге болады.
Бұл уақытта маңынан өтіп бара жатқан әйел оған ара түскенін көруге болады. Ер адамның назары әйелге ауып, артынан тұра жүгірген.
Астана қалалық ПД баспасөз қызметі аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытқа ұстау изоляторына қамалды.
"28 жастағы ер адам алкогольді мас күйде подъезден шығып, ер адамға дене жарақатын салған. Одан бөлек зейнеткерге араша түспек болған 41 жастағы әйелді ұрған", - дейді полиция өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2452773-astanada-er-adam-zeinetkerge-shabuyl-zhasady-oqiganyng-videosy-tarady/