jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Интерпол іздеу салған қазақстандық Пхукетте ұсталды

    Қазақстандықтың ұсталған сәті
    Қазақстандықтың ұсталған сәті. Фото: facebook.com/PhuketTimes

    Таиландтың Пхукет аралының полициясы халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл деректі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    The Phuket News тай басылымының жазуынша, трансұлттық алаяқтар тобымен байланысы бар және ақша жылыстатумен айналысқан деген күдікке ілінген 24 жастағы Қазақстан азаматы Таиландтың Пхукет аралында қамауға алынған.

    Сондай-ақ оның Таиланд визасының мерзімі 185 күннен астам уақытқа өтіп кеткені атап өтілді.

    Қазақстандықтың ұсталған сәті түсірілген кадрларды Facebook желісінде Phuket Times басылымы жариялады.

    Қазақстандық Таиландта ұсталды
    Қазақстандық Таиландта ұсталды. Фото: facebook.com/PhuketTimes

    Қазақстан Сыртқы істер министрлігі NUR.KZ тілшісіне Пхукет аралында жергілікті құқық қорғау органдары Интерпол желісі бойынша халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматын ұстағанын хабарлады.

    Ұстау ҚР Бас прокуратурасының сұрауы негізінде жүргізілген.

    "Ұсталған адамды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі уәкілетті органдармен бірге белгіленген тәртіппен пысықталып жатыр", - деп қосты сыртқы саяси ведомстводағылар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram