jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбеде жеке үйде ірі есірткі дүкенін қамтамасыз етіп отырған "қойма" анықталды: күдіктілер қамалды

    есірткі
    Есірткі. Видеодан кадр: polisia.kz

    Көлік полициясы Ақтөбеде синтетикалық есірткі таратудың ірі арнасының жолы кесілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-ге сілтеме жасап.

    Көлік полицейлерінің мәліметінше, Арнайы операция барысында жедел уәкілдер 10 келі Альфа-PVP психотроптық затын тәркілеп, ірі есірткі дүкенін жабдықтау арнасын бұғаттады және тұтынушыларға мыңдаған біржолғы дозаның жетуіне жол бермеді. Қылмыстық топ иерархия бойынша көлеңкелі сегменттің жолға қойылған схемасымен әрекет етіп, анонимді оператордың нұсқауларын орындай отырып, есірткі дүкенінің "қоймашылары" ретінде жұмыс істеген.

    Қылмыстық ниетті жүзеге асыру үшін күдіктірлер жеке үйді жалға алып, кейіннен оны өлшеп-орау цехы ретінде пайдаланған. Үй-жайды тінту барысында психотроптық заттар салынған 5 пакет табылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram