"Үйіне және жұмыс орнына барған": Алматыда бұрынғы сүйіктісін аңдыды деген күдікті ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда бұрынғы сүйіктісін аңдыған ер адам ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция депаратаментінің мәлімеінше, Алматыда бұрынғы сүйіктісінің қайта-қайта мазасын алып, жасырын нөмірлерден қоңырау шалып, күш қолданатынын айтып қорқытқан ер адам ұсталды. Әйелдің "қарым-қатынасты тоқтатамыз" деп бірнеше рет айтқанына қарамастан, ол кездесуге тырысып, үйі мен жұмыс орнына барған.
Жәбірленушінің айтуынша, қарым-қатынас аяқталғаннан кейін ер адам жағдайды қабылдай алмаған. Күдікті қоңырау шалып, хабарлама жазуын және жеке кездесуге қол жеткізуге тырысуын тоқтатпаған.
Осыдан кейін әйел полицияға жүгінген. Заңсыз аңду дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында хат алмасу скриншоттары алынып, іс материалдарына тіркелді. Күдікті өз кінәсін мойындаған.
Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция азаматтарға адамның еркінен тыс байланыс орнатуға тырысу, соңынан қалмай аңду және жеке өміріне жүйелі түрде араласу сезімнің көрінісі емес, заң бойынша жауаптылық көзделген әрекет екенін ескертеді.
"Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, қоқан-лоққыны елеусіз қалдырмай, дер кезінде полицияға хабарласыңыз", - деді ПД өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2453258-uiine-zhane-zhumys-ornyna-bargan-almatyda-buryngy-suiiktisin-angdydy-degen-kudikti-ustaldy/