jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Мас күйде лифт есігін тепкен елорда тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

    есікті тепкен сәті
    Есікті тепкен сәті. Видеодан кадр: Астана қаласы полиция департаменті

    Астанада мас күйде лифт есігін тепкен адам бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы "ІІМ жаңалықтары" арнасының хабарлауынша, оқиға Бауыржан Момышұлы даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Түнгі уақытта алкогольге мас күйде болған ер адам лифт есігін теуіп, тұрғындардың ортақ мүлкіне зақым келтірген.

    Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, оны ұстады. Ол 26 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

    Ер адамға қатысты қоғамдық орында мас күйде жүру, тыныштықты бұзу және ұсақ бұзақылық фактілері бойынша тиісті шаралар қабылданды.

    Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар одан келтірілген материалдық шығын өндіріп алынады.

    Полиция тұрғын үйлердегі лифтілер, кіреберістер, балалар ойын алаңдары және өзге де инфрақұрылым нысандары ортақ мүлік екенін еске салады. Оларды қасақана бүлдіру заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram