jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Атырауда мектепте оқушыға пышақпен шабуыл жасаған жеткіншек 15 жылға бас бостандығынан айырылды

    түрме
    Түрме. Иллюстрациялық фото: Hans Neleman/Getty Images

    Атырауда қатарласына шабуыл жасаған жеткіншек сотталды. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

    Оқиға биыл 13 наурызда болған. 9-сыныпта оқитын жасөспірім мектепке пышақ алып келіп, 13 жастағы қызға шабуыл жасаған. Мектеп дәлізінде кетіп бара жатқан қыздардың бірінің арқасы мен мойнына бес рет пышақ сұққан. Абырой болғанда оқушы қызға дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, аман қалды. Сотталушы мен жәбірленуші бұрын таныс болмаған.

    Бірнеше айға созылған қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен жабық қаралды. Белгілі болғандай, жасөспірім бұл әрекетке алдын ала дайындалған. Оның жазбаларынан қылмыс жасауды бірнеше күн бұрын ойластырғаны анықталыпты.

    "Ол ҚР ҚК 24-баптың 3-бөлігі 99-баптың 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған осы баппен ҚР ҚК 81-бабының 7-бөлігінің талабы қолданылып 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

    ҚР жәбірленуші өтемақы қорына заңды өкілінен 30 аек 129750 теңге мәжбүрлі төлем өндіріліп алынсын", – деді облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Зарема Хамидуллина.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram