jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ақтөбеде тағы да әйел өлімі: көршілері оқиға туралы айтты

    аурухана
    Ауруханада жатқан әйел. Көрнекі фото: pexels.com

    Ақтөбеде 26 жастағы әйелдің өлімі бойынша жаңа мәліметтер пайда болды. Белгілі болғандай, қылмыс 5 қарашада Нұр Ақтөбе ауданындағы үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды "Диапазон" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылым мәліметінше, күдікті 31 жаста. Өлімге асфиксия, яғни қылғындыру себеп болған.

    Қаза тапқан әйелдің көршілері сол күні ештеңе естімегенін айтты, бірақ қылмыс олардың подъезінде болғанын растады.

    Жақын маңдағы дүкеннің сатушысы әйел сауда жасау үшін келіп тұрғанын, балабақшаға баратын қызы бар екенін айтады.

    Сондай-ақ қаза болған әйел туралы ақпарат Threads желісінде де пайда болды. Пайдаланушылардың бірі қаза тапқан әйел әпкесі екенін жазды. Кісі өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды, ортақ баласы бар.

    "Еркектер, сендерге не болды? Тым жас қызды осындай қатыгездікпен өлтірді, өзі түрмеде, кішкентай қыз енді жетім қалды. Алла жазасын берсін. Біз үшін бұл – үлкен, ауыр қасірет. Дұшпаныма да тілемеймін", - деп жазды ол.

    View on Threads

    Еске салсақ, бүгін, 6 қарашада Ақтөбеде тағы әйелдің кісі қолынан қаза тапқаны белгілі болды. Күдікті ұсталғанын жазған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram