Өскеменде есірткі ісі бойынша 20 жастағы күдікті қамалды
Жарияланған күні:

Өскеменде интернет-дүкен арқылы есірткі таратуға қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды kazinform.
Ол есірткі заттарын өлшеп, арнайы түйіншектерге бөліп, буып-түюмен айналысқан. Басқа облыстың тұрғыны интернеттен оңай табыс табу туралы хабарландыру арқылы заңсыз жұмысқа тартылған.
Атқарған жұмысы үшін оған криптовалютамен ақы төленген. Күдікті «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ұсталды. Жеке тінту кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған 350 түйіншек табылған. Сондай-ақ есірткі буып-түйілген жалдамалы пәтерден тағы 28 түйіншек пен екі ыдысқа салынған зат тәркіленді.
Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың α-PVP психотроптық заты екені анықталды. Оның жалпы салмағы 635 грамды құрады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2453361-oskemende-esirtki-isi-boiynsha-20-zhastagy-kudikti-qamaldy/