jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада стендап-комик сахнадағы балағат сөзі үшін айыппұл арқалады

    микрофон
    Микрофон. Көрнекі фото: pixabay.com

    Астанада стендап-комик көрермен алдында өнер көрсету барысында балағат сөздер айтқаны үшін жазаланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    7 қарашада Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Қ.-ға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

    Сот мәліметінше, стендап-комик Астана қаласындағы ойын-сауық орындарының бірінде өнер көрсету барысында көрермен алдында балағат сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

    ️Сот отырысында азамат Қ. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді. Сондай-ақ айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрап, алдағы уақытта мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермейтінін айтты.

    Қорғаушы оның ұстанымын қолдады.

    ️Құқық бұзушылықтың мән-жайлары іс материалдарымен, оның ішінде қойылымның бейнежазбасымен расталды.

    "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігінің санкциясында 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу не 5-тен 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу көзделген.

    ️Істің мән-жайларын, кінәсін мойындауын және жасаған ісіне өкінуін ескере отырып, сот азамат Қ.-ға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады", - дейді соттың баспасөз қызметі өкілдері.

    ️Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram