jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда көз жұмған қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды: тергеу жүріп жатыр

    үстелдің үстінде жатқан папка
    Папка. Иллюстрациялық фото: polisia.kz

    Алматыда қыз баланың өліміне қатысты тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы әзірге жарияланған жоқ. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматыда белгісіз жағдайда көз жұмған қыздың қазасы тергеліп жатыр.

    Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат бұған дейін желіде пайда болды. Мәселен бұл туралы Telegram-дағы ZTB NEWS арнасы жазды.

    NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін қалалық ПД баспасөз қызметіне жүгінді. Полиция оқиға болғанын растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

    "Адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    Қылмыстық-процестің кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етілмейді", - делінген Алматы ПД ресми түсініктемесінде.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram