Астанада өзеннен 56 жастағы ер адамның денесі табылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада Есіл өзенінен 56 жастағы ер адамның денесі табылды. Құқық қорғау органдары болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласы полиция департаменті өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, Есіл өзенінен адам денесінің табылуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полицейлер қаза тапқан адамның кім екенін анықтады – ол елорданың 56 жастағы тұрғыны болып шықты.
"Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2453975-astanada-ozennen-56-zhastagy-er-adamnyng-denesi-tabyldy/