jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шарын маңында заңсыз аң аулады деген күдіктілер ұсталды: көліктен бес жануардың ұшасы табылды

    күдіктілер
    Күдіктілер. Фото: t.me/qazfwc

    Шарын маңында рейд барысында заңсыз аңшылыққа қатысты қылмыстық іс тіркелді. Қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

    Комитет өкілдерінің мәліметінше, 7 қарашада Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және Ұйғыр аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, күшейтілген табиғат қорғау рейдін жүргізді.

    Рейд барысында "Шонжы – Көкпек – Алматы" автожолында күдік тудырған автокөлік тоқтатылды.

    Алдын ала мәліметтер бойынша, көліктегі азаматтардың 6 қарашада ұлттық парктің Темірлік аумағына жақын жерде заңсыз аңшылық жасауға қатысы болуы мүмкін.

    "Оқиға орнында қарақұйрыққа ұқсас 5 жануардың ұшасы табылды. Олардың нақты түрі мен жынысы сараптама нәтижесінде анықталады.

    Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 337-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта азаматтардың оқиғаға қатыстылығы мен барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram