Түркістанда балалардың ойын алаңында әйелдер төбелесіп қалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Желіде Түркістанда сауда орталығының балалар алаңында әйелдердің жанжалдасқаны видеоға түсіп қалды. Оқиғаға қатысты өңірлік ПД баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бейнежазба сипаттамасында оқиға 7 қарашада болғаны айтылған.
Онда барғандардың бірінің айтуынша, жанжал әйелдердің бірі бөтен балаға тиіскен соң басталған. Баланың анасы келіп оны итеріп жіберген, содан кейін төбелес басталған.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, Түркістандағы сауда орталықтарының бірінде ойын алаңындағы жанжал фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Алдын ала мәлімет бойынша, екі қатысушының арасында сөзталас туындап, ол төбелеске ұласқан, соның барысында олардың бірі дене жарақатын алған.
"Полиция күдіктіні анықтады, ол полиция басқармасына жеткізілді, оның қатысуымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2454083-turkistanda-balalardyng-oiyn-alangynda-aielder-tobelesip-qaldy/