Астанада автокөлік дәмхана ғимаратының терезесін сындырды: рульде бала болған
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада әкесі дүкенге кіріп кеткен кезде баласы автомобиль руліне отырған. Сол уақытта көлік жүріп барып дәмхананың терезесін зақымдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада Daimler Chrysler автокөлігі дәмхана ғимаратына соғылды. Көлік рулінде кәмелетке толмаған бала болған. Мұны Астана қалалық полиция департаменті мәлім етті.
"Тексеру барысында жүргізуші көлікті қараусыз қалдырып, дүкенге кіріп кеткені анықталды. Осы уақытта оның кәмелетке толмаған ұлы рульге отырып, көлікті кілтпен оталдырған, соның салдарынан көлік қозғалып кетіп, дәмхана ғимаратына соғылып, терезесін зақымдаған", - делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Автокөлік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
Бұдан бөлек ата-ана кәмелетке толмаған бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2454104-astanada-avtokolik-damhana-gimaratynyng-terezesin-syndyrdy-rulde-bala-bolgan/