Прокуратура Алматы - Өскемен тасжолын жөндеу кезінде заңсыздық анықталғанын мәлімдеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жетісу облысында Алматы – Өскемен тасжолын жөндеу кезінде мемлекетке 115 млн теңгеден астам залал келген. Онда жер қойнауын заңсыз пайдалану дерегі анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Ведомствоның ресми сайтының хабарлауынша, Жетісу облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы республикалық маңызы бар "Алматы – Өскемен" автомобиль жолын күрделі жөндеу кезінде тас пен топырақты заңсыз өндіру фактісін анықтады.
"Мердігер ұйымның тиісті рұқсат құжаттарынсыз тау беткейінен тас пен топырақ өндіріп, оларды жол құрылысына негіз ретінде пайдаланғаны анықталды.
Алдын ала есептеулер бойынша заңсыз жер қойнауын пайдалану салдарынан мемлекетке келтірілген залал 115 млн теңгеден асты", - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 334-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (жер қойнауын өз бетінше пайдалану) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Тергеу барысы Жетісу облысы прокуратурасының бақылауында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2454107-prokuratura-almaty-oskemen-taszholyn-zhondeu-kezinde-zangsyzdyq-anyqtalganyn-malimdedi/