Түнде баласының дүниеге келгенін атап өткісі келген елорда тұрғынын полиция ұстап әкетті (видео)
Жарияланған күні:

35 жастағы Астана тұрғыны түнде баласының дүниеге келгенін атап өту үшін отшашу ұйымдастырған. Ол жауапқа тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, елордада 35 жастағы ер адам баласының дүниеге келгенін атап өту мақсатында үйлердің арасындағы аумақта отшашу ұйымдастырған. Мерекелік шара барысында пиротехникалық бұйымдардан шыққан қатты дыбыс тұрғындардың тыныштығын бұзған.
Аталған азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық және тыныштықты бұзу фактілері бойынша заң аясында шара қабылданды. Сот шешімімен оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.
Полиция пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2454477-tunde-balasynyng-duniege-kelgenin-atap-otkisi-kelgen-elorda-turgynyn-politsiia-ustap-aketti/