jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    202 млн теңге төленген: Антикор Алматыдағы ірі жол жобасына қатысты тергеу жүргізіп жатыр

    Жол жөндеу жұмыстары
    Жол жөндеу жұмыстары. Иллюстрациялық фото: picture alliance/Getty Images

    Алматыда сапасыз автожол жобасын жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды мегаполис прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мәлімдемеде айтылғандай, Алматы қаласының прокуратурасы автомобиль жолын қайта жаңарту жобасын әзірлеу кезінде бюджет қаражатын заңсыз жұмсау фактілерін анықтаған.

    "Жергілікті Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы мердігерге мемлекеттік сараптамадан өтпеген және іске асырылуы мүмкін емес жобалық-сметалық құжаттама үшін 202 млн теңге төлегені анықталды.

    Бұдан бөлек тапсырыс беруші 27 млн теңгеге шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алмаған", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

    Тергеп-тексеруді Алматы қаласы ҰҚКД-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram