jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтауда су басқан көшеде көлік төбесіне шығып, балық аулаған жүргізуші жазаланды (видео)

    Жүргізуші
    Жүргізуші. Видеодан кадр: Маңғыстау облыстық ПД

    Ақтауда жаңбырдан кейін су басқан көшеде көлік төбесіне шығып, балық аулап отырған видеосы тараған жүргізуші жазаланды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қарашада сағат 22:37 шамасында Ақтаудың 17 және 18А шағынаудандары арасындағы жолда, "Халық Арена" спорт мектебінің маңында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін анықтаған.

    Тексеру барысында Chevrolet Cobalt автокөлігін басқарған 24 жастағы жүргізушінің бірқатар әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бергені белгілі болған.

    Бұл дерек бойынша ер адам ҚР ӘҚБтК-нің үш бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған:

    • 434-баптың 1-бөлігі – ұсақ бұзақылық;
    • 612-баптың 2-бөлігі – көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы;
    • 590-баптың 9-бөлігі – міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралын басқару.

    Автокөлік мамандандырылған айыптұраққа қойылған.

    Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша сот шешімімен құқық бұзушыға 86 500 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram