Қостанайда ер адам балалар алаңында балаға қол көтерген
Жарияланған күні:

Қостанай облысында ер адам балалар алаңында балаға шабуыл жасағаны үшін сот алдына келді. Ол 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Қостанай соттарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық сотында кәмелетке толмаған балаға қол көтерген ер адамға қатысты қасақана ұрып-соғу фактісі бойынша (ҚР ҚК-нің 109-1-бабы 2-бөлігінің 8) тармағы) қылмыстық іс қаралды.
Сот 2026 жылғы қыркүйекте сотталушы Ұзынкөл ауданының Сатай ауылындағы балалар алаңында жеке бас араздығы салдарынан туындаған жанжал барысында кәмелетке толмаған баланың денесіне денсаулығына зақым келтіргенін анықтаған. Атап айтқанда, сол жақ кеуде тұсын соғып, дене жарақатын салған. Соның салдарынан жәбірленуші физикалық ауырсынуды сезінген. Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Сот ер адамға 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2454777-qostanaida-er-adam-balalar-alangynda-balaga-qol-kotergen/