jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    БҚО-да волейбол бапкері жарысқа барудан бас тартқан шәкіртін ұрғаны үшін сотталды

    спорт
    Көрнекі фото: pexels.com

    Батыс Қазақстан облысында волейбол бапкері кәмелетке толмаған шәкіртін ұрып-соққаны үшін сот алдында жауап берді. Үкім шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақжайық ауданының №2 соты кәмелетке толмаған баланың денсаулығына жеңіл түрде зиян келтіргені үшін айыпталған ер адамға қатысты істі қарады (ҚР ҚК 108-1-бабы 2-бөлігінің 8-тармағы).

    Сот волейбол бапкері болып жұмыс істейтін сотталушы кәмелетке толмаған баланың "жарысқа бармаймын" деген жауабына ашуланғанын анықтаған. Туындаған жанжал кезінде ер адам жасөспірімнің бетінен екі рет ұрып, кейін кеуде тұсына аяқпен тепкен.

    Соққы әсерінен кәмелетке толмаған бала кейін шегініп, бөлменің қабырғасына басымен соғылған.

    Кейін жасөспірім ата-анасына денесі ауырып тұрғанын айтып, медициналық көмекке жүгінген.

    Ұсынылған дәлелдемелерді зерттей келе, сот сотталушыны ҚР ҚК 108-1-бабы 2-бөлігінің 8-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

    Істің мән-жайын ескере отырып, оған бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram