jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада той жасамақ болған 10 адам сан соғып қалды

    Дастархан
    Дастархан. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Астанада той жасамақ болған 10 адамды алдаған 24 жастағы күдіктіні ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

    Тергеу мәліметінше, ол қаладағы дәмханалардың бірінде жұмысшы болып жұмыс істеген.

    Күдікті әкімші болмаған уақытта өзін мекеменің жауапты қызметкері ретінде таныстырып, той өткізуге тапсырыс беруге келген азаматтардан алдын ала төлем алып отырған.

    "Алдын ала деректер бойынша, оның әрекетінен 10 адам зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 500 мың теңгені құрайды. Жәбірленушілер той өткізу үшін дәмханаға келген кезде алдын ала төлем туралы мекеме әкімшілігінің хабарсыз екені анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп жауап берді Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.

    Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, қандай да бір төлем жасамас бұрын қызмет көрсетуші мекеменің уәкілетті өкілінің кім екенін нақтылап, төлемді тек ресми касса арқылы жүргізген жөн екенін ескертеді.

    Сондай-ақ төлем жасалғанын растайтын түбіртек, чек немесе өзге де құжаттарды міндетті түрде сақтап қою қажет. Бұл мүліктік құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың қаражатын қорғауға мүмкіндік береді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram