jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    БҚО полициясы бөлім бастығының бірінші орынбасарының ұсталғаны туралы ақпаратқа түсінік берді

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Желіде Оралда полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты БҚО полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Уральская неделя" басылымының мәліметінше, ол қол астындағы қызметкерге пышақ ала жүгірді деген күдікке ілінген.

    БҚО полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне 8 қарашада бұрынғы полиция қызметкері жараланып, медициналық мекемеге жеткізілгенін мәлімдеді.

    Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    Зардап шегушінің айтуынша, ол жарақатты өзінің абайсыздығы салдарынан алған.

    Сонымен қатар тергеу аясында оқиғаның барлық нұсқасы, соның ішінде бұрынғы басқа полиция қызметкерінің қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

    Тергеудің объективтілігін қамтамасыз ету үшін оған өзіндік қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкерлері тартылған. Сондай-ақ қызметтік тергеу жүргізілген.

    Екі азамат та бұрын ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылған.

    "Сонымен қатар жекелеген әлеуметтік желілерде тараған бірге спирттік ішімдік ішу кезінде жанжал болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

    Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеміз", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

    Болған оқиғаға түпкілікті құқықтық баға тергеу қорытындысы бойынша беріледі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram