jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматы әуежайында бір адам қайтыс болды

    Алматы әуежайы
    Алматы әуежайы. Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

    Алматы әуежайында қайғылы оқиға болды. Адам өліміне байланысты полиция еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, Алматы әуежайындағы көліктегі полиция басқармасы адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

    "Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram