jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандық футбол клубының экс-президентіне мемлекетаралық іздеу жарияланды

    Григорий Лория
    Григорий Лория. Фото: t.me/afm_rk

    ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 1954 жылы 18 наурызда туған Қазақстан Республикасының азаматы, "Қызыл-Жар СҚ" футбол клубы ЖШС бұрынғы президенті Григорий Лорияға мемлекетаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМА-ға сілтеме жасап.

    ҚМА мәліметінше, ол жалпы сомасы 414 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген.

    2023 жылы футбол клубының қызметін қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінген.

    Тергеу дерегіне сай, күдікті бас бухгалтермен және өзге де тұлғалармен алдын ала сөз байласып, жалған қаржылық құжаттарды пайдаланған, қаражаттың жеке шоттарға негізсіз аударылуын ұйымдастырған. Сондай-ақ бухгалтерлік және салық есептілігіне көрінеу жалған мәліметтердің енгізілуін қамтамасыз еткен.

    Атап айтқанда, салық декларацияларында қызметкерлердің табысы, еңбекақы төлеу қоры және ұйымның жылдық жиынтық табысы төмендетіліп көрсетілген.

    "Егер іздеуде жүрген азаматтың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарлауыңызды сұраймыз", - деді ҚМА өкілдері.

    Байланыс телефондары: +7 (7172) 70-84-78 — кезекші бөлім.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram