Қызылорда облысында әкім жауапқа тартылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қызылорда облысында инвестордың құқығын бұзғаны үшін Шиелінің әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік прокуратураға сілтеме жасап.
Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, Шиелі ауданының прокуратурасы инвестордың өтінішін қарау мерзімін негізсіз созу, оның құқықтарын шектеу және тиісті шешім қабылдаудан бас тарту фактісін анықтаған.
"Атап айтқанда, VIGOR Holding компаниясына жұмыс жобасында көзделген инженерлік дәліз шегінде Шиелі кентінің аумағында орналасқан жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу қажеттілігі туындаған.
Осыған байланысты инвестор Шиелі кентінің әкімдігіне тиісті аумаққа жария сервитут белгілеу туралы қаулы қабылдау жөнінде өтінішпен жүгінген. Алайда Шиелі кентінің әкімі өтінішті қанағаттандырудан негізсіз бас тартқан", - дейді прокуратура өкілдері.
Прокуратураның араласуы нәтижесінде инвесторға жария сервитут белгілеу туралы тиісті қаулының қабылдануына ықпал ету арқылы көмек көрсетілді.
Сонымен қатар кент әкімі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 173-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2455142-qyzylorda-oblysynda-akim-zhauapqa-tartyldy/