jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Белгілі "Олимп" букмекерлік кеңсесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

    : UGC

    Алматы қаласының Қаржы полициясы департаменті ірі көлемде салық төлеуден жалтарды деген күдікпен Olimp.KZ букмекерлік кеңсесіне қатысты қылмыстық іс қозғады.

    Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады. Қаржы полициясы қызметкерлері анықтағанындай, бүгінгі таңда Қазақстанда "Olimp.KZ букмекерлік кеңсесі" ЖШС-на тиесілі 409 "Олимп" кассасы тіркелген.

    Жүргізілген арнайы іс-шаралардың нәтижесіне қаржы полицейлері Олимп букмекерлік кеңсесінде 400-ден астам кассада салық салынатын кірісті жасырудың жолға қойылған жүйесін анықтады.

    Алдын ала мәліметтер бойынша, салық органдарынан жасырын ұсталған кірістің жалпы көлемі 300 млн теңгеден асады. Аталмыш факті бойынша ірі көлемде салықтан жалтарды деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.

    Сонымен қатар алаяқтық фактісі бойынша ұтып алған ұтыстарын "Олимп" кассаларынан ала алмаған азаматтардың шағым-арыздары да тексеріліп жатыр.

    Белгілі "Олимп" букмекерлік кеңсесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.