jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Оңтүстік Қазақстанда нағашысы жетім жиенін жеті жыл бойы зорлап келген

    : UGC

    Оңтүстік Қазақстан облысында жаға ұстатарлық жағдай. Бәйдібек ауданындағы Қайнарбұлақ ауылында нағашысы жетім жиенін жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген.

    "Осындай айуандық әрекетке барған 33 жастағы еркекке ешқандай шара қолданылмай отыр", - дейді туыстары. Айуандық әрекет ауылдағы мына медициналық пункте әшкереленген. "Нағашы ағам зорлап жүр" деп оқушы қыз осы жерге келіп, өзі қолхат жазыпты. Бірақ медбикелер бәрін фельдшерге сілтеп, тіс жарғысы келмеді.

    "Тіл хат болғанда, оның бәрін беретін жерге беріп, айтылатын жерге айтылып қойды ғой. Прокуратураға да беріп жатқан сол, Қарақбаева Гүлмира", - дейді медбике.

    Бізге бұл сұмдықтың бәрін ауыл фельдшері жайып салмақ болған еді. Алайда, күйеуінің айқайынан қаймыққан келіншек райынан қайтып қалды.

    Қыздың ауылдық амбулаторияға келіп "анам қайтыс болғалы нағашы ағам алты жасымнан бері, жеті жыл бойы зорлап келеді" деп қолхат жазып бергенін тұрғындар да көріпті, тіпті өз көздерімен оқыпты.

    Ана қыздың тіл хатын оқыдым мен. Өзінің туған нағашы ағасы. Өлім емес па?! Ол бұрын әйелден ажырасқан. Ол әйел көрген адам. Ана қыз жазған хатта, "мені алты жасымнан бастап, жыныстық қатынасқа тартады" деп жазған ана қыз", деп бөлісті ойымен ауыл тұрғыны.

    "Бұны айтсаң, өлтіремін деп қорқытыпты ол қызды. Сосын ол қыз алты жасар не біледі ол кезде. Біріншісінде талып қалған деп естіп жатырмыз", - дейді басқа тұрғын.

    "Баланы алып барған ғой осы ауылдың тасшаның балалары. Не деген масқара, сүйегімізге таңба деп, намыстанып, ауыл әкіміне. Мойындапты ғой сол жерде бала, рас істейтінім рас, бірақ мен санынан неғылатын тұғынмын, деп турасын айтыпты", - дейді басқа тұрғын.

    Осы шуға байланысты мектеп ұжымы қызды өзге аудандағы білім ошағына ауыстырып жіберіпті. Тұрғындардың айтуынша, осындағы мектеп директоры жетім қыздың туысы, яғни нағашының әпкесі екен. Дегенмен, ұжым өкілдері оқиғаны жоққа шығарды.

    Полиция әлі іс қозғамапты, аудандық прокуратура оқиғадан мүлде бейхабар. Ал облыс прокуратурасының берген жауабы мынадай. Дегенмен, тұрғындар Астана мен Алматыдан тәуелсіз сарапшылар шақыртылып, тексеру жүргізілуін талап етуде.

    Оңтүстік Қазақстанда нағашысы жетім жиенін жеті жыл бойы зорлап келген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.