jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Талдықорғанда полиция әкесі кепілге алған баланы қалай құтқарғандарын айтты

    : UGC

    Талдықорғанда өз ұлын өртеп жіберем деп бүкіл қаланы аяғынан тік тұрғызған оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Тәртіп сақшылары баланы қалай құтқарғандарын айтты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Кадр КТК арнасындағы видеодан алынды
    Кадр КТК арнасындағы видеодан алынды: UGC

    Полицейлердің мәліметінше, келіссөздер ешқандай нәтиже бермеген. Өз ұлын өртеп жіберемін деп дүрліктірген еркекті райынан сөзбен қайтара алмасын түсінген құзырлы орған өкілдері дереу арнайы операцияға көшкен.

    Оқыс оқиға орын алған "Жастар" шағынауданындағы жарық пен газды өшіріп, көпқабатты үйдің тұрғындарын сыртқа шығарған. Қаладағы бүкіл шұғыл қызмет өкілдері де осында тартылды.

    Кадр КТК арнасындағы видеодан алынды
    Кадр КТК арнасындағы видеодан алынды: UGC

    Есірігі ұстаған еркекті арнайы жасақ үйдің шатыры арқылы 4 қабаттағы балконнан кіріп, бір оқ атпастан ұстады. Операция кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Бастысы әкесінің тұтқыны болған бала дін аман.

    Ұсталған ер-азамат қалалық полицияға жеткізіліп, аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

    Кадр КТК арнасындағы видеодан алынды
    Кадр КТК арнасындағы видеодан алынды: UGC

    Ал кенеттен қиғылық салған азаматтың әрекетіне көршілері түсіне алмай отыр.

    "Бұл отбасын бір жарым жылдан бері сыртынан білемін. 3 баласымен пәтер жалдап тұрады. Отағасының өзі көп көріне бермейтін. Жанұясында бұрын-соңды жанжал шыққанын да байқамайтынбыз", - дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Әлия Төлешова.

    Қазір үш баланың әкесінің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге тексеріліп жатыр.

    Еске сала кетейік, кеше әлуметтік желіде туған ұлын кепліге алған азаматтың видеосы тарап, жұртты дүрліктірген еді.

    Талдықорғанда полиция әкесі кепілге алған баланы қалай құтқарғандарын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.