jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    ААК Air Astana ұшағының Мәскеуге апаттық жағдайда қонғанын жоққа шығарды

    : Facebook

    Азаматтық авиация комитеті Air Astana ұшағы Шереметьево әуежайына апаттық қону жасады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ААК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    ААК Мәскеуге апаттық жағдайда қонған Air Astana ұшағына қатысты ақпаратты жоққа шығарды
    Көрнекі фото: kommersant.uz: Facebook

    Ведомство өкілдері "Air Astana" компаниясының мәліметтеріне сілтеме жасап, ресейлік және қазақстандық БАҚ-та пайда болған апаттық қону туралы ақпарат жалған екенін мәлімдеді.

    "2019 жылдың 16 мамырында КС873 рейсімен Нұр-Сұлтан-Мәскеу бағыты бойынша ұшуға тиіс ұшақ кейінге қалдыруға болатын ақауға байланысты 40 минутқа кешіктірілді", - деп түсіндірді комитет өкілдері.

    Сондай-ақ, пайда болған ақаудың әуе кемесін қолдануға мүмкіндік беретіні баса айтылды.

    Экипаж командирі Ресей астанасының әуежайында тежеу жолы ұзақтау болуы үшін ұшу-қону жолағын түгел берілуін сұраған.

    Азаматтық авиация өкілдерінің сөзінше, ұшқыш барлық шектеулерді ескеріпті.

    "Апаттық қону туралы ұшақ командирі жарияламаған. Қону штаттық режимде өтті, жолаушылар терминал түтігімен өтті", - деп мәлімдеді ведомствода.

    Еске сала кетейік, осыдан бұрын Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге ұшқан "Air Astana" компаниясының ұшағы Шереметьево әуежайына апаттық жағдайда қонды деген ақпарат тараған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.