jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Бішкекте бірнеше жарылыс болды (фото, видео)

    : Depositphotos

    8 қараша күні Бішкекте бірнеше жарылыс болып, соңы өртке ұласқан деп хабарлайды 24.kg-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Sputnik / Нурис Алымбаев
    Фото: Sputnik / Нурис Алымбаев: Depositphotos

    Сайттың мәліметінше, жарылыс Эркиндик бульвары мен Чуй даңғылы қиылысындағы "Антошка" кафесінде болған.

    Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндірушілер мен ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

    ТЖМ баспасөз қызметі оқиға туралы қоңырау жергілікті уақыт бойынша сағат 13:42- де келіп түскенін хабарлады.

    Фото: Sputnik / Нурис Алымбаев
    Фото: Sputnik / Нурис Алымбаев: Depositphotos

    Sputnik Қырғызстанның мәліметінше, қазір өрт орнында түтін көп, ғимарат толық отқа оранған.

    Алғашқы жарылыс шамамен 13:38-де болған. Одан кейін тағы екі рет жарылыс даусы естілген. ТЖ орнына тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлері де келіп жеткен.

    Әзірге өрт салдарынан 10-12 адам зардап шекті деп хабарлануда. Жарақат алғандардың ішінде балалар да бар. Біреулер жедел жәрдеммен, екіншілер өз көлігімен ауруханаға кетіп жатқандықтан, оқиғадан қанша адамның зардап шеккені әзірге нақты белгісіз.

    Фото: Sputnik / Нурис Алымбаев
    Фото: Sputnik / Нурис Алымбаев: Depositphotos

    Дәрігерлердің ақпарынша, келіп түскендердің көбін күйік шалған, сонымен қатар миы шайқалған.

    Ал куәгерлер өрт алдымен жылдам тамақтану нүктесін шарпып, кейін көрші кафеге ауысқанын айтады.

    "Қорқынышты-қорқынышты", - дейді олардың бірі.

    Болжам бойынша, төтенше жағдайға газ балонының жарылуы себеп болуы мүмкін.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.