jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Алжирде әскери ұшақ апатқа ұшырады (видео)

    : Facebook

    Алжирдің солтүстік-шығысында әскери ұшақ апатқа ұшырады. Төтенше жағдай салдарынан экипаждың екі мүшесі қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Көрнекі фото: yandex.ru
    Көрнекі фото: yandex.ru: Facebook

    Қайғылы оқиға Оум Эль-Буаджи вилайетінде орын алған. Қалыпты биіктіктен құлаған ұшақ бірден жана бастаған. Бұл жайында төтенше жағдай орнынан видео ұсынған Algerie 24 басылымы мәлімдеді.

    Апатқа ұшыраған ұшақ "Су-30"деп аталады. Ол Алжирдің әскери-әуе күштеріне тиесілі және жойғыш ұшақтардың 121- эскадрилья бөлігі болған.

    Mediadefense басылымы апат салдарынан экипаждың екі мүшесі- ұшқыш пен штурман қаза тапқанын мәлімдеді. Ал бұл Алжир тарихында дәл осындай техника бірлігімен болған алғашқы оқиға.

    Апат себебін анықтау үшін мамандар оқиға орнына аттанды. Ал төтенше жағдай орнында құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

    Айта кетейік, күні кеше Ariana Afghan Airlines әуе компаниясының ұшағы Ауғанстанның шығыс бөлігінде орналасқан Газни провинциясында апатқа ұшырады.

    Оған дейін 8 қаңтар күні таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.

    Әуе кемесінің бортында болғандардың барлығы қаза тапты. Украина президенті Владимир Зеленский қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты.

    Сондай-ақ, Иранның әуе қорғаныс күштері 11 қаңтар күні Украинаның Boeing 737 ұшағын қателесіп атып түсіргенін мәлімдеді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Алжирде әскери ұшақ апатқа ұшырады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.