jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Талдықорған маңында жер сілкінді

    Жер сілкінісі
    Көрнекі фото: Хабар 24: Facebook

    Өткен түні Талдықорған маңында жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Жер сілкіну эпицентрі облыс орталығынан 10 шақырым, оңтүстік астанадан 222 шақырым қашықтықта орналасқан.

    Жер сілкінісінің энергетикалық классы - 7.7.

    MPV магнитудасы - 3.2.

    Эпицентрдің орналасқан жері 44.90° с.е. 78.38° ш.е.

    Тереңдігі - 10 км.

    Жер сілкінісі Талдықорған ішінде (МSК-64 шкаласы бойынша) 2-3 балл болып сезілді. Анықталғандай, департамент жер сілкінісі жайлы ақпарат алған бойда жергілікті атқарушы органдарды, полицияны, прокуратураны, Қазселденқорғау және тағы да басқа маңызды қызметтерді хабардар етті.

    Жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

    Айта кетейік, 19 қыркүйек күні Маңғыстау облысында дельтаплан құлап, нәтижесінде бір адам зардап шекті. 32 жастағы азаматтың қолдары сынып, ол әуе аппаратынан өздігінен шыға алмаған.

    Оған қоса, Нұр-Сұлтан қаласында карантин шаралары жеңілдетілгені белгілі болды. Елорданың бас санитар дәрігері тиісті қаулыға қол қойды.

    Дегенмен, әлі де жаппай және отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынады. Жеке және бес адамнан артық емес топқа ғана әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық алаңда спортпен шұғылдануға рұқсат беріледі.

    Сондай-ақ, қоғамдық орындар мен көліктерге маска тағу ережесі әлі де сақталады. Барлық ұйымның 50 пайыз қызметкері қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруы тиіс.

    Талдықорған маңында жер сілкінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.