jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Түркияда қазақстандық компанияның ұшқышы қайтыс болды

    Ұшқыш
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Измирде қазақстандық "Бурундайавиа" АҚ компаниясының ұшқышы кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

    Басылымның мәліметінше, марқұмды Одессаға жеткізу шығыны қазақстандық сақтандыру компаниясының есебінен жүзге асырылған.

    Ұшқыш Түркияның Измир қаласына орман өртін сөндіру үшін іссапармен барған. Алайда қонақүй бөлмесінде жүрегі тоқтап, қайтыс болған.

    Оның шетелге шығатын азаматтар үшін сақтандыру полисі бар болып шықты.

    "Ұшқышты 1,8 миллион теңге көлеміндегі сақтандыру төлеміне Одесса (Украина) қаласына жеткізу үшін қазан айында GVA сервистік компаниясынан құжаттар қабылданды. "Евразия" СК төлемді әп-сәтте жүзеге асырды, өйткені мұндай жағдайда шұғыл әрекет ету ең жоғары маңызға ие", – дейді "Евразия" СК" АҚ  сақтандыру төлемдерін бақылау департаментінің директоры Юрий Славкин.

    Еске сала кетсек, 2 қарашада Польшаның Ополе-Любельске қаласында 2004 жылы туған Қазақстан азаматы оқ жарақаты салдарынан қаза тапқанын жазған едік.

    Сонымен қатар, Қазақстанның Варшавадағы елшілігі Польшадағы қазақстандық студенттің қайғылы қазасына қатысты тергеуді ерекше бақылауда ұстап отырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

    Сондай -ақ 28 тамыз күні таңертең Оралда бір орындық қолдан жасалған ұшу аппараты аспаннан құлап түскен еді. Ұшақ ішінде 69 жастағы ұшақ қожайыны болған. Әуе апаты салдарынан ұшқыш тіл тартпай кетті.

    Түркияда қазақстандық компанияның ұшқышы қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.