jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте әуе шары құлады (видео)

    Әуе шары
    Фото: Видеодан кадр

    Шымкентте әуе шары құлап, электр желісін үзді. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы жарияланды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, оқыс оқиға 6 мамыр күні кешкі сағат 20:24 шамасында "Тұран" шағын ауданында болды.

    "Қатты желдің салдарынан әуе шары электр желісінің үстіне құлап, Тұран шағын ауданы, Шымсити, Асар-2 шағын ауданы және New City көпқабатты тұрғын үйлеріндегі 4 мыңға жуық абонент электр жарығынсыз қалды", - делінген хабарламада.

    "ОңтүстікЖарықТранзит" ЖШС-нің, "Қуатжылуорталық-3" МКК-нің арнайы бригадалары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқаны аталып өтті.

    Әуе шарының құлау фактісі Қаратау аудандық полиция басқармасында тіркелді.

    Қылмыстық кодекстің 204 бабының 2-бөлігі (басқа біреудің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапта 2000 АЕК-ке (5 миллион 834 мың теңге) дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту түрінде жаза қарастырылған.

    Шымкентте әуе шары құлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.