jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақмола облысында құтқарушылар өрт кезінде ер адамды құтқарды (видео)

    Өрт сөндіруші
    Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Көкшетаудағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Құтқарушылар өрт сөндіру кезінде бөлмелердің бірінен ес-түссіз жатқан ер адамды тапты деп хабарлайды облыстың төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасы.

    4 отбасыға арналған барак түріндегі үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шыққан. Құтқарушылар өртенген пәтердің ішінен түтінге уланған 55 жастағы ер адамды ес-түссіз күйінде тауып алған.

    Өрт сөндірушілер дереу реанимациялық әрекеттер жасап, ер адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

    "Өрт сөндірушілер Әлімжан Мұстафин, Евгений Ефремов және Әліби Комаровтың жедел әрекетінің арқасында ер адам аман қалды", – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

    Қызыл жауын 10.35-те ауыздықталып, 10.55-те толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД 23 қызметкері мен 4 бірлік техника шықты.

    Өрттің алдын ала болжалды себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.