jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда прокуратура ғимараты өртеніп жатыр (видео)

    Прокуратура ғимараты
    Видеодан кадр: Куәгерлерден

    Алматыда Алмалы ауданы прокуратурасының ғимараты өртеніп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан кадрлар тарады.

    Куәгерлер Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан Алмалы ауданы прокуратурасының ғимаратынан өрт шыққанын хабарлады.

    Өрт жайлы алғашқы хабарлама сағат 15:05 шамасында түскен. Ғимарат жанында өрт сөндірушілер жүр.

    Айта кетейік, бұған дейін куәгерлер Алматы әкімдігінің ғимаратынан өрт шыққанын хабарлаған еді.

    Сонымен қатар, Алматыдағы Nur Otan партиясының филиалынан қалың түтін шыққаны хабарланған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.