jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Тергеу аяқталды": Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағының апатына не себеп болғаны ресми түрде айтылды

    Ұшақ құлаған жер
    2019 жылы Fokker-100 әуе кемесі апатқа ұшыраған жер. Оқиға орнынан фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы қаласы әуежайының маңында болған ұшақ апатына қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады. Сол кезде Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 әуе кемесі апатқа ұшыраған еді.

    Министрліктің мәліметінше, ұшақ апатын "ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2020 жылғы 15 шілдедегі №339-IV Заңға сәйкес, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган құрған комиссия тексерген.

    Халықаралық заңнамаға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, комиссия жұмысына Нидерланд Корольдігінің қауіпсіздік жөніндегі бюросының өкілдері (авиациялық оқиғаларды тексеру жөніндегі мемлекеттік орган) және олардың кеңесшілері – нидерландтық Fokker Services B. V. компаниясының мамандары (Fokker үлгісіндегі әуе кемесі сертификатының иесі), сондай-ақ Мемлекетаралық авиация комитетінің тексерушілері қатысқан.

    Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің (ICAO) Чикаго конвенциясының 13-қосымшасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тексеру нәтижелері бойынша қорытынды есеп Нидерланд Корольдігінің қауіпсіздік жөніндегі бюросымен, Мемлекетаралық авиация комитетімен келісілген.

    "Осылайша, "Бек Эйр" АҚ әуе кемесімен болған авиациялық оқиға ұшақ әуеге көтерілген кезде, қанатының күш түсетін қасиеттерінің симметриясын жоғалтуы салдарынан орын алғаны анықталды. Соның кесірінен ұшақ ұшу-қону жолағынан көтерілгеннен кейін фюзеляжға құлап, қар басқан топырақтың бетімен оңға қарай ауып кеткен, одан кейін әуежайдың периметр бойынша қоршауын бұзып, аталған қоршаудан 9-10 метр қашықтықта орналасқан екі қабатты жеке меншіктегі құрылыс нысанына соғылған.   

    Комиссия қорытындысына сәйкес, ұшақ қанатының күш түсетін қасиеттерін жоғалтуының себебі жер үстіндегі мұзданудың әсері болуы ықтимал", - дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

    Қорытынды есептің толық нұсқасын ИИДМ сайтынан қарауға болады.

    "Тергеу аяқталды": Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағының апатына не себеп болғаны ресми түрде айтылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.