jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қостанай облысында бүтін бір отбасы қаза тапты

    Өрт
    Видеодан кадр: Қостанай облыстықТЖД

    Қостанай облысындағы жеке тұрғын үйде өрт салдарынан төрт адамнан тұратын отбасы қаза тапты. Төтенше жағдай туралы хабар құтқарушыларға 20 маусымға қараған түні түскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, 20 маусым күні сағат 01.54-те Жітіқара қаласындағы №12 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пультіне полицейден Комсомольская көшесіндегі тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түскен. Белгілі болғандай, куәгер "102" нөміріне қоңырау шалып, төтенше жағдай туралы айтты.

    Өрт сөндірушілер оқиға орнына шығып, сағат 01.58-де болды.

    Ведомство дерегінше, 50 шаршы метр алаңда ағаш веранда жанып тұрған, сонымен қатар от үйдің периметрі бойынша кіреберісті және төбені ішінара шарпыған.

    Өрт 02:54-те ауыздықталды. Оқиға орнынан 63 жастағы үй иесі мен оның 38 жастағы ұлы, 36 жастағы қызы мен екі жасар немересі өлі күйінде табылды.

    Қазіргі уақытта өрт пен адамдардың өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.