jitsu gif
Оқыс оқиға

    Нұр-Сұлтан маңындағы өрт екі тәуліктен кейін сөндірілді

    Нұр-Сұлтандағы өрт
    Видеодан кадр: ТЖД баспасөз қызметі

    Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының Қорғалжын тас жолының бойындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның мәліметінше, өрт туралы хабарлама "101" пультіне 20 маусым күні сағат 15:03-те түскен. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер ашық аумақта қамыс пен қураған шөп жанып жатқанын анықтаған.

    Елордалық өртпен күресушілер қызыл жалынмен екі тәулік бойы арпалысқан.

    "Өрт ошағына ТЖМ-нің МИ-8 тікұшағымен 27 рет (81 тонна) су шашылды. Кеше сағат 18-53-те өрт ауыздықталып, бүгін сағат 05-55-те толығымен жойылды. Өрт шығуының алдын ала себебі отты абайсыз қолдану (аз калориялы от көзі) болуы мүмкін", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

    Еске сала кетсек, бұған дейін ТЖМ елорда маңындағы өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 122 адамы және 30 бірлік техникасы, коммуналдық қызметтер жұмылдырылғанын хабарлаған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.