jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақтауда үш қазақстандық Каспийге батып кете жаздады

    теңіз11
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Өткен жексенбіде әр уақытта үш адам Ақтау қаласында Каспий теңізіне батып кете жаздады. Абырой болғанда, ТЖД қызметкерлері олардың өмірін сақтап қалды.

    Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті үш азаматтың екеуі шомылуға арналмаған орындардан құтқарылғанын хабарлады, деп жазады Lada.kz.

    Бірінші оқиға кеше, 26 маусымда, сағат 15:50-де Ақтау қаласының 4А шағын ауданында болған. Профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде құтқарушылар Жаңаөзен қаласынан келген 2008 жылы туған жасөспірімді судан шығарып алған.

    Екінші оқиға да сол жерде сағат 17:00-де болған. Бұл жолы Ақтауда тұратын 2006 жылы туған тағы бір жасөспірім құтқарылған.

    Бір сағаттан кейін ТЖД қызметкерлері Сабаз жағажайы маңында 1981 жылы туған Ақтау тұрғынын құтқарған. Басылымның хабарлауынша, олардың ешқайсына медициналық көмек қажет болмаған.

    Еске сала кетсек, бұған дейін 26 маусымда Қапшағай су қоймасында төрт адамның суға батып кеткенін жазған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.