jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Өзбекстанда әскери қоймада жарылыс болып, 16 адам зардап шекті

    Өзбекстан құтқарушылары
    Өзбекстан құтқарушылары. Көрнекі фото: t.me/uzbairportsuz

    22 қазан, сенбіге қараған түні Өзбекстанның Сырдария облысындағы әскери қоймада жарылыс болды. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі төтенше жағдайдан қанша адамның зардап шеккенін мәлімдеді.

    Қоймадағы жарылыс туралы ақпаратты елдің Қорғаныс министрлігі Газета.uz басылымына растаған. Ведомствоның хабарлауынша, жарылыс Мәлік елдімекенінде жергілікті уақыт бойынша 04:55-те (Астана уақытымен 05:55-те-ред.) болған.

    Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

    Ал әлеуметтік желілерде оқиға орнына жақын маңда түсірілген фото, видеолар тарап кетті. Онда жергілікті тұрғындар жер сілкінісіне ұқсас құбылысты сезінгенін айтқан.

    Сондай-ақ РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, елдің Денсаулық сақтау министрлігі төтенше жағдайдан зардап шеккендер туралы мәліметтерді жариялаған.

    Ведомствоның дерегінше, Қорғаныс министрлігінің қоймасында болған жарылыс салдарынан 16 адам зардап шеккен, оның төртеуі ауруханаға жеткізілген.

    Денсаулық сақтау министрлігі жарылыс туралы хабар жедел жәрдем бөліміне Астана уақытымен таңғы сағат 06:01 шамасында келіп түскенін атап өтті.

    "Оқиға салдарынан зардап шеккен 16 науқастың 12-сі Сырдария аудандық медицина бірлестігіне жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығына дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - дейді министрлік өкілдері.

    Ведомство зардап шеккен төрт адамның Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығының Сырдария облысындағы филиалының стационарына жатқызылғанын да айта кетті.

    "Зардап шеккендер арасында ауыр жараланғандар мен ауыр халде жатқан науқастар жоқ", - дейді Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.

    Өзбекстанда әскери қоймада жарылыс болып, 16 адам зардап шекті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.